Дон Кихот
2021 / 2022 Үлкен зал ІХ маусым
20 қазан * сәрсенбі * 19.00
23 қазан * сенбі * 18.00
Людвиг Минкус
«Дон Кихот»
Прологы бар 2 бөлімді (5 көріністі) балет
Хореография авторлары Мариус Петипа және Александр Горский
Қоюшы балетмейстер – Алтынай Асылмұратова, Ресейдің Халық әртісі
Қоюшы балетмейстердің ассистенттері – Константин Заклинский, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі / Елена Шерстнева
Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев
Дирижер – Руслан Баймурзин
Қоюшы суретші – Эцио Фриджерио
Костюмдер бойынша суретші – Франка Скуарчапино
Проекциялар бойынша суретші – Серджио Металли
Жарық бойынша суретші – Якопо Пантани
1869 жылы М.Петипа М.Сервантестің «Дон Кихот» романының сюжетіне құрылған балет жасады. Испанияның көптеген қалаларын аралап, бұл елдегі би фольклорының дәстүрлері мен ерекшелігін бойына сіңірген хореограф сахнада оның барлық құндылығы мен өзгешелігін көрсете білді.
Алайда, оның алдындағы авторлар секілді Петипа да ұлы әдеби дереккөздің екінші томындағы бай Камачоның (балетте – Гамаш) сұлу Киттериямен (Китри) болмай қалған үйлену тойы туралы, арудың ауылдағы сүйіктісі – бозбала Базилио (Базиль) жайлы баяндалатын екі тарауын ғана пайдаланды. Желтоқсан айының соңында Мәскеу Үлкен театрында тек Дульцинея ғана классикалық би билеп, қалған кейіпкерлері өзіне лайықты рөлдерін сомдаған көңілді спектакльдің премьерасы өтті.
1871 жылы Петербор Үлкен театрында қойылған балетке Петипа жаңа редакция енгізді. Ал 1900 жылы Петипа хореографиясының негізі мен жалпы жоспарын сақтай отырып, Александр Горский «Дон Кихоттың» өзіндік қойылымын сахналады. Минкустың музыкасына А.Симонның испан биі мен Э.Направниктің фандангосы қосылды. Горский еңбегінің арқасында балеттегі дәстүрлі симметрия орнына, көпшілік көріністердің жаңаша шешімі табылды. К.Коровин, А.Головин, Н.Клодттың жаңашыл сценографиясы да сәтті болды. Дәл осы қойылым Үлкен және Мариин театрларымен қатар, әр елдердің театр сахналары үшін спектакльдің классикалық үлгісіне айналды.
БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР
20 ҚАЗАН
Китри – Әнел РҮСТЕМОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Базиль – Арман УРАЗОВ
Дон Кихот – Жәнібек ИМАНҚҰЛОВ
Санчо Панса – Бостан ҚОЖАБЕКОВ
Эспада, бас тореадор – Жәнібек АХМЕДИЕВ
Көше бишісі – Анастасия ЗАКЛИНСКАЯ
Лоренцо – Жанәділ БЕЙСЕМБИЕВ
Гамаш – Рахметолла НАУАНОВ
Дриадалар патшайымы – Гүлназ ЖАНАЕВА
* * *
23 ҚАЗАН
Китри – Шұғыла ӘДЕПХАН
Базиль – Серік НАҚЫСПЕКОВ
Дон Кихот – Жәнібек ИМАНҚҰЛОВ
Санчо Панса – Ұлан БЕЙСЕНБАЕВ (алғашқы өнер көрсетуі)
Эспада, бас тореадор – Ғалымжан НҰРМҰХАМЕТ
Көше бишісі – Аделина ТӨЛЕПОВА
Лоренцо – Жанәділ БЕЙСЕМБИЕВ
Гамаш – Ильдар ШАКИРЗЯНОВ (алғашқы өнер көрсетуі)
Дриадалар патшайымы – София АДИЛЬХАНОВА
«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ, СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ
Ұзақтығы – 2 сағат 20 минут (бір үзіліспен)
Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады