ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Қала тандау
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
Қазақтың бұлбұлы

Қазақтың бұлбұлы

Сипаттама

«Қазақтың бұлбұлы»

Бибігүл Төлегенованың мерейтойлық концерті

(Социалистік Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреатының 95 жылдығына орай)

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

Ұзақтығы 1 сағат 45 минут

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Аты аңызға айналған қазақстандық опера әншісі, актриса әрі педагог Социалистік Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бибігүл Ахметқызы Төлегенова еліміздің басты театр сахнасында мерейтойын атап өтпек.

Тамаша лирикалық-колоратуралық сопрано иесі, «қазақтың бұлбұлы», халықтың сүйіктісі өзінің құрметіне орай ұйымдастырылған концертте сахна төріне шығады.

Керемет әнші осы күнге дейін шығармашылық үдеріс үстінде: оның мол тәжірибесі аға толқын мен жас әртістер арасында сұранысқа ие, ол өз шеберлігімен қуана бөлісіп, ақыл-кеңесін беруден аянбайды.

Бибігүл Ахметқызы он екі жыл бойы түрлі елдердің үздік вокалистерінің басын біріктіріп келе жатқан оның атындағы Халықаралық вокалистер байқауының идеялық шабыттандырушысы. Бұл шығармашылық сайыстың мақсаты жас өнерпаздардың дарынын ашып, оларға қолдау көрсету, қазақ музыка өнерін насихаттау.

Салтанатты концертке мерейтой иесінің өзі, сондай-ақ оның шақыртуымен белгілі қазақстандық опера әншілері, оның ізін жалғастырушы шәкірттері, Бибігүл Төлегенова байқауының лауреаттары және т.б. қатысады.

Бағдарламада қазақстандық және шетелдік композиторлардың операларынан ариялар, халық әндері, романстар, аспаптық туындылар.

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОПЕРА СОЛИСТЕРІ, ХОРЫ ЖӘНЕ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera (Үлкен зал)

  • Күні

    17 қараша 2024

  • Уақыты

    18: 00

  • Ұзақтығы

    1 сағат 45 минут

  • Жас шектеуі

    10+

  • Қосымша

    Жас шектеуі 10+ екенін ескеруіңізді сұраймыз. Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 17
    Қараша
    Жекс
    Astana Opera
    Большой зал-5 (БХ)
    бастап 1000 ₸
    бастап 1000 ₸