Жылы жүздесу
ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫ!
Сіздерді сұлу Сырдың сыршыл әншісі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Роза Бағланова атындағы аймақтық конкурстың лауреаты Рауза Ысқақованың «Жылы жүздесу» бенефис концертіне шақырамыз!
Қазақтың әсем әндерін қалың көрерменге құйқылжыта жеткізіп жүрген қарагөз қыздарыңыздың шығармашылық кешінен қапы қалмаңыздар!
Кеште Рауза Сейдуллақызының шығармашылығынан әсем әндер орындалып, бекзат өнер иесінің ғұмырымен таныс боласыздар.
Келіңіздер! Көріңіздер!
Билеттерді Тикетон сайтынан және филармония кассасынан ала аласыздар!
Рассказать друзьям
Не хватает информации? Напишите нам, мы добавим!
Рекомендуем также:

Мстители 5 (2026)

Трон 3 (2025)