Концерт «Опмай-опмай»
Өтетін орыны: «Qazaqstan» ОКЗ
Өтетін күні: 20 қараша
Басталуы: 20:00
Тұрақ: бар
Жас санаты: 5+
Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары – «Азия» мен «Бақай» топтары елордалық көрерменге «Опмай-опмай» атты концертін ұсынады.
Екі топтың өнер әлеміндегі 15 жылдық мерейтойларына арналған керемет ән кеші «Жастар жылы» аясында өтеді. Ұйымдастырушы – «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы.
«Ғажайып күй», «Кім кінәлі», «Махаббат аралы», «Өмір-ай», «Опмай-опмай» сынды танымал хит әндерімен өнер сүйер қауымның ықыласына бөленген екі топтың бұл концерті ерекше болмақ.
Көрермен қауымды көңілді кештің куәгері болуға шақырамыз. Сіздер үшін: жаңа концерттік бағдарлама, отандық эстраданың танымал әншілері, сүйікті хит әндер.
Концертте Жеңіс Сейдуллаұлы, Мұқасан Шахзадаев, Мөлдір Әуелбекова, Нұрислам Нұрғали, «Назар», «Дара» топтары өнер көрсетеді.