Премьера! Чемодан
Өтетін орны: Қостанай қ., «Мирас» МКҚК, Маяковский к-сі, 119
Күні: 26 қазан, 2023ж
Басталуы: 19:00
Режисер: Е. Қауланов
Суретшісі: Қ. Каржанов
Ұзақтығы: 1 сағат 15 минут
Тұрақ: Бар
Жас шектеуі: 16+
Қосымша: Спектакль қазақ тілінде өтеді
Есімі әлемге танымал ағылшын комедиографы Рэй Куни комедиясының бас кейіпкері Генри Перкинс туған күнінде ойламаған жерден мол ақша тауып алады. Дипломаттағы 1 млн 750 мың доллар өзінің өмір бойғы есепші болған адал еңбегінің өтеуі деп білген ол шетелге қашпаққа бел буады. Бірақ, өзгелер оны осынша мол ақшамен шетелге оп-оңай жібере салмақшы емес. Осылайша оқиғалар қым-қуыт сипат алады, барлық кейіпкерлердің шынайы бет-бейнесі «мани, мани» үшін күресте ашыла бастайды. Әншейінде бәрі жақсы қарапайым адамдарды осындай бір сын сәттерде тану мүлдем қиын. Неліктен?..