Ретро хиты
97 человек за последний час интересовались этим событием.
Казахский национальный театр драмы им. М.Ауэзова

Жүрегімнің иесі

Купить билеты

Жүрегімнің иесі

Автор: А. Аламан

Режиссёр: А. Оспанбаева

Суретші: Қ. Халықов

Композиторы:  музыкасы құрастырылған (жинақ)

Биін қойған: Г. Мұхамеджанова

Режиссердің көмекшісі: Г. Сейтімбет

Премьера күні: 29.12.2017 ж.

Жанр: драма

Ұзақтығы: 1 сағ.10 мин

Жас санаты: 18+

 

«Жүрегімнің иесі» - жас буынның туындысы. Жас драматург А. Аламанның пьесасы бойынша жас режиссер А. Оспанбаева сахналаған қойылымда театрдың жас буын актерлері ойнайды.

Жастық шақ – сезім, махаббат әлемі. Жар таңдау, өмірлік серік табуда ең маңыздысы не? Жастардың, әсіресе, қыздардың  отбасын құра алмай жүруінің себебі ше? Қоғам үшін де маңызды осы сауалдар алға тартылатын қойылымның негізгі идеясы әр адамның өз құпиясы болады, сол құпия сақталуы, әр адамның өз тағдырын кешіп шығу құқығы қорғалуы керек дегенге саяды. Ал, сіз қалай ойлайсыз, қадірлі көрермен?