Жолайырық

«Жолайрық» қойылымы – психологиялық драмаға құрылған. Қайыржан мен Мәрияның әсем кештің құшағында оянған балаң махаббаттары сол бір кеште көрінген көгілдір таксидей көзден ғайып болып кете береді. Тоғыстырған тағдыр  жолы айрыққа ұласады. 
Алайда, дүние дөңгелек. Шарасыз тірліктен туындаған мұңлы оқиға бір кездері екі айырылған тағдырды қайта тоғыстырады. Бірақ, бәрі кеш еді. Адасқан арман, үзілген үміт, айырылған жол тағдыр таяғы. Өмірдің ащы дәмін ерте татқан Нұрбақыт тағдыр тауқыметін арқалап кете барады.