Туған күн

«Жеті лақ» орыс халық ертегісінің желісі бойынша сахналанған бұл қойылым – балаларды анаға құрмет көрсетуге, бауырмалдыққа, мейірімділікке, татулыққа, достыққа шақырып, заманауи ән мен бидің үйлесім табуымен қазақша нұсқасында да өз құндылығын жойған жоқ.

Бүгінгі таңда қалыс қалып бара жатқан адами қасиеттерді насихаттайтын бұл туынды – балалардың болашақта «адам» болып қалыптасуларына үлесін қосып, сондай-ақ әлеуметтік желілердің пайдасы мен зиянын ұғынуларына бағыт сілтейді.