Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

Тәуелсіздік тірегім

Тәуелсіздік тірегімАвтор: 

Премьера күні, жылы: 25.11.2021 

Режиссёр: М.Малдыбаева

Актерлар: А.Мұсақұлов, Ф.Әбіл, Т.Өмірзақова, Е.Турдалиев, О.Уалханов, Ғ. Сейдахмет, Ш.Бейсенов, С. Биғабыл, Ж.Дуйсенбекова, Қ.Асанов, Е.Айтенов 

Жанр: ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына байланысты

Ұзақтығы: 55 минут

Жас санаты: 16+

Қосымша: 

 

 

ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығы аясында театрда сахналанатын «Тәуелсіздік – тірегім» қуыршақ концерттік бағдарламасының тәлімдік, патриоттық және идеологиялық ролі өте биік. Қоюшы режиссер М.Малдыбаеваның, суретші Е.Айдаровпен бірге жасаған декорация мен костюмдер эскиздері көк түсті негізге алуы мемлекетіміздің көк туы мен сәйкес келуі ұтымды шешім. Концерттік бағдарламада қуыршақ персонаждар қолданылады. Еліміздің ұлық мерекесіне бүкіл шығармашылық құрам тегіс қатысады. Хор мен эстрадалық номерлер концерттік бағдарламаға ерекше рең беретіні даусыз. Костюмдер этно, классика және заманауи стильде жасалуы концерттің жанр ерекшелігіне сай келеді.