Google ad services
Димаш Кудайберген в Алматы

Татулық – Ел Тірегі

Өтетін орыны: Қ. Қуанышбаев атындағы драма театры

Бас дирижер: Маралжан Мырзақұлова

Жанр: концерт

Жас санаты: 12+

Ұзақтығы: 1 сағат

Театрдың көркемдік жетекшісі: Қуандық Қыстықбай

Қосымша:

 

 

 

 

Халық әндері мен күйлері - қазақтың бүкіл тарихының шежіресі, жабырқаса мұңдасы, жадыраса сырласы. Рухани байлығымыздың насихатталуына үлкен үлес қосып, кейінгі ұрпақты ұлттық музыкамызға баулитын Қаллеки театрының халық аспаптар ансамблі – біз үшін де, киелі өнер үшін де зор мәртебе. Арнайы кеште сіздер ел жүрегінен орын алған халық музыкасымен сусындап, құлақ құрышыңызды қандыра аласыздар.

Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының Халық аспаптар ансамблі Еуропалық фольклорлық фестивальдер қауымдастығының қолдауымен өткен "AsiaFolk 2021" онлайн фестивалінде Гран-при жүлдесіне (толық ансамбль), І дәрежелі Диплом марапатына (домбырашылар ансамблі) және Франция елі ұйымдастырған «NOUVELLES ETOILES» атты халықаралық онлайн-байқауына қатысып, «Классика және джаз» номинациясында жүлделі 1 орынға ие болды. Қажымұқан Мұңайтпсұлының 150 жылдығына арналған «Көнеден жеткен күмбір» фестивалінде «Ең үздік орындаушы» дипломымен марапатталды.