Jason Derulo в Алматы
98 человек за последний час интересовались этим событием.
Казахский национальный театр драмы им. М.Ауэзова

Таңсұлу

Купить билеты

Таңсұлу/ Театр Ауэзова

Авторы: Ғ. Есім

Қоюшы-режиссері: А. Кәкішева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы-суретші: Қ. Халықов

Музыкамен көркемдеуші: Ә. Омарова

Биін қойған: Ш. Сапарғалиқызы, Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері

Премьерасы: 30.01.2014 ж.

Жанры: драма

Ұзақтығы: 1 сағ. 30 мин.

Жас санаты: 13+

 

 «Ел боламын десең, бесігіңді түзе». Қыз өсіруге ерекше мән берген қазақ үшін осы ұғым – қағида. Толықсып бойжетіп, өз теңіне ұзатылғалы отырған, атына заты сай Таңсұлудың тағдыры – ғасырлар бойғы қазақ қыздарының еншісі. Тұтқынға түскен ару көз құрты болған сұлулығын өз еркімен тәрк етеді. Ұрпағын аман сақтап, махаббатына да қылаң түсірмейді. Қанша қиын күн туса да мойымай, ұлына бабалар рухын жырлайды.

…Өзінің мұндай талайлы тағдырын он жасында түсінде көрген Таңсұлу – Ұлы Даланың жазылмаған заңы – тектілік пен намыстың символы десе болады.