Google ad services
Дублеры

Су перизаты

Су перизатыӨтетін орны: Нұр-Сұлтан қ., Ілияс Есенберлин көшесі, 10, «Жастар»​ театры

Автор: Г.Х.Андерсен

Премьера күні: желтоқсан 2021 жыл

Қоюшы режиссері: Нұрфат Вахитов - Қазақ мәдениетінің қайраткері

Хореограф: Алмат Шамшиев, Өнертану магистрі

Қоюшы суретші: Ерлан Тұяқов, «Үміт» сыйлығының иегері

Костюм суретшісі: Алтынбек Ермұхан

Жанр: музыкалық ертегі

 

 

 

Ұлы ертегіші Г.Х.Андерсеннің «Су Перизаты» ертегісі – тек балалар ғана емес, ересектер үшін де ерекше қызық һәм айтар ойы тағылымды туынды.

Су патшалығының Ханшайымы жер бетінің Ханзадасына ғашық болып, соның жолында өз өмірін түбегейлі өзгертуге, Су перизатынан адамға – сұлу бойжеткенге айналуға бел буады. Бұл қадам ол үшін үлкен тәуекел еді. Алайда сүйгеніне деген шексіз махаббат оны көзсіз ерлікке жетелейді.

Жолында кездескен қара ниетті мыстанның арбауынан құтылып, сұлу перизат арманына қол жеткізе ала ма?.. Ертегіге бергісіз ғажайып оқиғаның соңы немен аяқталмақ?..

 Бір-біріне кереғар екі әлем иесінің басынан кешкен таңғажайып тағдыры кішкентай көрермендеріміздің балғын танымын бір сәтке де бейжай қалдырмайтыны сөзсіз. Мазмұнды оқиға мен жарқын бояуға толы ертегінің балдырғандарға ұсынар жаңалығы көп.

Кейіпкерлер:
Ариэль – Наурыз Сабағатова, Ләззат Қуанышова
Ханзада – Асланбек Жанұзақов, Әбутәліп Әмре
Тритон – Бекжан Керімбаев, Алмат Тұрлықожа
Себостьян – Айсұлтан Жәлиев, Мейірғат Амангелдин
Скатл – Нұрбек Әділбек, Елдос Шәйкенов
Аға сарай маңы кеңесшісі – Нұрбек Алибек, Шыңғыс Жақыпбай
Урсула – Айым Жүсіпбекова, Айман Есенқызы