97 клиентов за последний час интересовались данным событием.

Шыңырау (Н. Жантөрин атындағы драма театр)

ШынырауАвтор: Ә.Кекілбаев

«Шыңырау» повесінің желісі бойынша

Ә. Кекілбаевтың әлемге әйгілі «Шыңырау» повесі – тілі шұрайлы, мазмұны терең шығарма. Бұл қойылымда басты кейіпкер тек Еңсеп қана емес, шөлді аймақ Үстірт үстіндегі табиғаттың терең сырларын меңгеріп, ұрпағына мирас етіп қалдырған барша құдықшылардың прототипінің жиынтығы.

Шығарма көрерменге терең ой салып, жетістікке жету үшін тек еңбек қана емес, ой-пікір тереңдігі, жан тазалығы мен ниет тазалығы қажет екендігін түсінуге жетелеп, онсыз биік шыңға да, түпсіз тереңдікке де жетуге болмайтындығын меңзейді.

Шығармаға инсценировка жасап, сахналау – режиссердің ғана емес, бүкіл ұжымның қажырлы еңбегін талап етті.