Jullien Dassin

Sen

Sen/Театр-студия ОркенӨтетін орыны: Өркен театры, Абдуллин көшесі, 38

Автор, продюсер: annas Bağdat 

Премьера күні: 06.11.2022

Өтетін уақыты: 15:00, 18:00

Композитор: Ербол Нариманұлы 

Режиссер: Есләм Нұртазин 

Актерлер: Жасұлан Көпберген, Жарқынай Ханайым, Таңшолпан Нұртілеуқызы, Темір-Сұлтан Мейірбек, Әшім Ахметов, Нұрбек Елемесов – Dudeontheguitar, Ербол Нариманұлы

Жанр: мюзикл

Ұзақтығы: 75 минут

Жас санаты: 12+

Қосымша: Қойылым қазақ тілінде өтеді

Бұл сенім туралы оқиға. Бәріне сене беру де, ешнәрсеге сенбей үнемі күмәндану да түрлі қиындықтарға әкеледі. Сенімнің үйлесімді өлшемі бар ма? Оны сізге SEN мюзиклі түсіндіре алады. 

  • Қаржы пирамидасынан алданып қалған 45 жасар алматылық өзіне қол жұмсамақ болды...
  • Қазақстанда 2021-жылы интернет алаяқтық бойынша 40 мыңнан астам қылмыстық іс қозғалды...
  • Танымал инстаграм вайнер қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұсталды...
  • Алло! Сәлеметсіз бе! Мен банк қызметкері едім, сіздің шотыңызда күмәнді операциялар болып жатыр, маған банк картаңыздың деректерін айтыңыз...

Мұның бәрі сізге таныс жағдайлар ма? Дәл осындай оқиға SEN мюзиклінде де кездеседі.

Интернет біздің күнделікті өмірімізге еніп кеткені сонша қағаз ақшаны қашан ұстағанымыз есімізде жоқ. Сауда-саттық, басқосу, танысу, ресми кездесу, лекциялар барлығы онлайнға өтті. Ал махаббат ше? Өмірлік серігіңізді инстаграм, тиндерден табу мүмкін бе? Біздің бас кейіпкерлер Айман мен Ғалымжан тиндерде танысқан еді. SEN мюзиклі happy end-пен аяқтала ма? Оны білгіңіз келсе премьераға келіңіз!