Қуыршақ мектебі (Каз)
Қуыршақ театры кішкентай көрермендерді қуыршақ мектебін тамашалауға шақырады. Ойын – біздің кішкентай көрермендер үшін таңғажайып сөз: бұл оқу, қоршаған орта мен бүкіл әлемді тану дегенді білдіреді.
Аталмыш қойылымға балалар белсене қатысып, өздерінің Қаңбақ шал, Түлкі, Дәу сынды т.б сүйікті кейіпкерлерімен бірге ағылшын тілін үйренуге кірісіп, тәртіп-тәрбиеге ден қойып, зейінін, есте сақтау қабілетін, ой-өрісін дамыта түседі.
Шығармашылық ойын түрінде өтетін қойылым бойы бала 20-ға жуық сөзді жылдам жаттап, кедергісіз меңгере алады. Бұл балаға ғана емес, ата-анаға да қуаныш сыйлайды.
Спектакль мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларына арналған.
Рассказать друзьям
Рекомендуем также:
.jpg?w=220&h=300)

