Қар қызы
Табиғат пен адам махаббатының үндестігін, күнделікті тұрмыс-тіршілікті жыл мезгілінің кезеңімен үйлестіре отырып, түсінде көрген сыңсып ән салатын қызды көруге сапарға шыққан жігіттің, жол қиындығындағы реалистік тұрғыда ойынан туған, басынан кешкен сезімге толы романтикалық оқиғасы, жұмбақ бейнені талмай іздеуі қойылымда маңызды орын алады.
Нұржанның мақсаты, шөп жеткізу сапарында жұмбақ бейнедегі Қар қызын көру еді. Сапарлас жігіттермен бірге қар тұтқынында қалып, Қоңқай шалмен болған оқиға, табиғатпен таласа қиялындағы қызға деген құштарлығы нақты суреттеледі. Қар қызы туралы тылсым дүниеге негізделген шығарма.
Рассказать друзьям
Не хватает информации? Напишите нам, мы добавим!