ФК Астана - ФК Тобол

Қаңбақ шал

qanbaq-shal-akmolinskiy-teatrЕрте ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, бұрынғы өткен заманда деп басталатын бұл ертегі — Қаңбақ шал мен оның кемпірі жайлы. Жел соқса болғаны, желмен бірге ұша жөнелетін Қаңбақ шал, жел басылғанда бүкіл жерді, суды, тау тасты аралап үйіне қайта оралады, оның кемпірі көшеріңді жел білер, қонарыңды сай білер, ұшып жүргенінде бір пәлеге ұрынбаса екен деп уайымдайтын көрінеді. Қаңбақ шалдың бойы кішкентай, салмағы жеңіл болғанымен, айлакер түлкінің құрған тұзағына түспей және өздерін ең күштіміз деп санайтын екі дәуден, ақылдылығының арқасында шаңырағын аман сақтап қалады.
Бұл ертегі балаларды ұмытылып бара жатқан ұлттық ойындарымызды жаңғыртуға, қазақтың мақал-мәтелдерін үйретуге, адалдыққа баули келе, білекті бірді, ақылды мыңды жеңетінін дәріптейді.