Scorpions в Алматы

Оян, Қалыңдық Астанадағы фестиваль

Оян, Қалыңдық Астанадағы фестивальӨтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры (Астана қаласы)

Автор: Ф. Г. Лорка

Қоюшы режиссёр: Дина Жұмабай

Аударған: Нартай Сауданбекұлы

Хореограф: Гүлсая Тәуірханова

Жанр: драма

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут 

Жас санаты: 18+

Қосымша: Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Оян, қалыңдық» қойылымы Астана қаласында өтетін Қазақстан драма театрларының XXVIIІ республикалық театр фестивалі аясында көрсетіледі.

Испания, ХХ ғасырдың басы.

Ұлының жүзімдікке бара жатқанын және оның пышақ алғысы келгенін білген анасы адам баласын өлтіруге қауқарлы қару-жарақ, құралдарды ойлап тапқандарға қарғыс айтады. Өйтпегенде ше?.. Күйеуі мен тұңғыш ұл да сол қарғыс атқан пышақтың кесірінен кескілесіп қайтыс болған.

Ұлы таңдаған қалыңдықты ұната қоймаған анасы алда болатын той туралы да ойлағысы жоқ. Күйеу жігіт кетіп, көршісі келеді. Ары қарай бәрі де өзгереді. Бұл қандай махаббат?.. Бәріне көндіккен ана ұлына ештеңе айтпауды ұйғарады.

Қалыңдық: Жанар Мақашева 

Күйеу жігіт: Елдар Отарбаев

Леонардо: Мақсат Рахмет                                   

Леонардоның әйелі: Анар Әділова

Қалыңдықтың әкесі: Әсет Иманғалиев                                       

Анасы: Камалия Байтілеуова, Күлжәмила Белжанова

Ажал: Динара Нұрболат

Көршісі: Толқын Нұрбекова                                      

Қыз: Мөлдір Қонысқызы

Отыншы: Нұрбол Құмарша