rebranding

Өмір – ғайып

«Qanattylar» инклюзивті театры

Премьера күні: Сәуір, 2023 жыл

«Qanattylar» инклюзивті театрының жетекшісі: Арнұр Искаков

Хормейстер: Ажар Жумабекова,  Алшағыр Өмірқожа.

Балетмейстер:  Сая Аманжолова

Ілеспе аудармашы:  Шырын Қожбанова, Бақдаулет Қожбанов.

Кейіпкерлер:

Қыз - Сая Аманжолова

Жігіт - Манасбек Даулетбаев

Келіншек – Марина Ешимова

Жас өспірім – Ислам Мағытанов, Төлеген Абдрасилов

Шал -  Ғабиден Бәденов, Ғылымжан Жеңіс

Кемпір - Жанар Мамбетова, Камшат Рахимбаева

Арман - Арман Қарынсау

Айкүміс - Айкүміс Мурадова

Досы - Бекзат Шахзада

Көпшілік сахнада – «Qanttylar»театрының актерлері

«Қанаттылар» инклюзивті театры

Тағдырдың бұралаңы көп жолында  тәрбие  ғана адамның адастырмас  бағдаршамы. Драмада  аяғын аңдамай шалыс басқан  бойжеткеннің  өмірі туралы баяндалады. 20 жылдан соң ол  ұлын жолықтыра алды ма? Ал  оның ұлы анасын көруге құштар ма? Қойылым кез келген көрерменнің көңіл толқынын тебірентері анық. Ата дәстүр, өнеге турасында айтылған оралымды ойлардың жастарға берер тәрбиесі зор.