Тикетон Премия

«МОЦАРТ»

Ж. Пило, О. Шультез «МОЦАРТ»

мюзикл

Қоюшы режиссер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ  

Өнердің жолы бірыңғай даңғыл десек, қателесер едік. Аптықпалы аптабы, соқтықпалы соқпағы көп бұралаңда тынымсыз еңбек пен табандылықты серік еткендердің ғана жұлдызы өзгелерден дара жарқырамақ, өлмес ізін қалдырмақ. Музыка өнерінің әлемдік деңгейдегі дарабозы – Вольфганг Амадей Моцарттың талант тұғырына көтерілу жолынан сыр қозғар қойылым театр сахнасында мюзикл жанрында көрерменіне жол тартқалы отыр. Классикалық музыка мен актерлік шебер орындаудың үйлесімді үндестігі өнерсүйер қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлары сөзсіз.