Scorpions в Алматы

Медея / Филоктет

медея филоктетМекен жайы: Нұрсәт  м/а. Н. Назарбаев даңғылы 6.

Авторы:  Ж.Ануй, Х.Мюллер

Жанр: трагедия

Қоюшы режиссері:  Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов

Қоюшы суретші: ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов

Қосымша:

 

 

 

 

Абыл мен Қабылдан бастау алған сатқындықтың сан қыры – Билік. Өктемдікке талас, әлемдік драматургияның мәңгілік өзегі болып келеді. Уақыт жаңарғанымен – өткен қақтығыстар жаңғырып, жаңарып отыратын жаһандану кезеңі отқа оранған соғыстарымен, жалт беретін сатқындығымен өз дәлелін көрсетіп жатқаны да шындық.

Адам адамға жау болған, қауіп-қатерлі, жұртты үрей билеген, қанды шайқастардан ел көзін бір ашпаған көне грек қоғамындағы кейіпкерлердің  - бүгінгі күннің өзекті мәселелері айна-қатесіз қайталанып жатқан қақтығысына ұласқан спектакльдің көрерменге ой салары сөзсіз.

Махаббаты жолында әкесін, бауырын, отанын сатқан Медеяның күні кеше күйеуі болған Язонның опасыздығына күңірене отырып жан түршігерлік қылығын ақтағысы кеп жанталасқаны...Филоктет, Одиссей, Неоптолемдердің ара қатынастары: сатқындық, махаббат, опасыздық, кек қайтару сезімдерімен өріліп отыратын трагедия.