rebranding

Құлеке батыр

Авторы: Баянғали Әлімжанов

Премьера күні: 4-5 шілде 2022 ж.

Қоюшы режиссері: Е.Қауланов

Қоюшы суретші: Алма Сырбаева

Жанры: тарихи драма

Ұзақтығы: 1 сағат 10 минут

Жас көрсеткіші:

Қосымша: Құлеке батырдың 320 жылдығына арналған.

Кейіпкерлер мен қатысушылар:

  • Құлеке батыр- Дұрысбеков Т.
  • Абылай хан- Серікұлы Д.
  • Абыз Шал ақын- Қасым А., Тойбазаров Д.
  • Төле би- Разиев А.
  • Сандық- Алет Г., Қаламышева Ұ.
  • Тілеке батыр- Салауатов Н.
  • Келдек батыр- Асқаров Н.
  • Бағанаты- Қасым Д.
  • Шуда- Жақсылық И.
  • Анна Иоанновна- Асқарова Г., Кабошева К.
  • Генерал-губернатор- Каримов А.
  • Шал ақын, жасөспірім кезі- Асан С.
  • Хабаршы- Әбілдә М.

 

Дәуірдің көне көшінде қанша уақыт өтсе де өшпейтін, ұмытылмайтын тау тұлғалы батырлар қаншама.

            Құлеке Тәңірбердіұлы - өз заманының мемлекет қайраткері, дипломат, елші, Абылай ханның оң қолы, тарихи тұлға.

1702 жылы қазіргі Шал ақын ауданы Аютас елді мекенінде дүниеге келген.

Орта жүздің Арғын Атығай Бәйімбет руынан. Абылай ханның сенімді серігі болып, Қытай мен Ресей мемлекеттерінің өкілдерімен келіссөздер жүргізген, ел үшін маңызды істермен айналысқан.

Бұл тарихи қойылым хас батырдың ерліктерін келешек ұрпақ жадында жаңаша сипатта сақталуы үшін сахналанып отыр. Көрермен көкірегіне ұлы рух сәулесін шашады деген ниеттеміз.