Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей

Қорқыт туралы аңыз Астанадағы фестиваль

Қорқыт туралы аңыз Астанадағы фестивальӨтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры (Астана қаласы)

Автор: Ермек Аманшаев

Режиссер, балетмейстер: Константин Семенов

Жанр: пластикалық балет

Ұзақтығы: 1 сағат

Жас санаты: 16+

Қосымша:  Түркістан музыкалық драма театрының  «Қорқыт туралы аңыз» қойылымы Астана қаласында өтетін Қазақстан драма театрларының XXVIIІ республикалық театр фестивалі аясында көрсетіледі.

 

 

«Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклі - түркі халықтарының рухани абызы, қобыз аспабын дүниеге әкеліп, мәңгілік мұрасын - ғажайып күйлерін қалдырған өнер пірі - Қорқыт бабамызға арналған.

Жер дүниені алай-дүлей  дауылдатып, жауындатып, жай ойнатып, адамдарды үрейге орап дүние келген Қорқыт алып қарағаштан ойып қобыз жасайды. Әлемді қобыз  үнімен әлдилеген бабамыз көрген түсінен шошып, өлімнен қашады. Жерұйық мекенді іздейді. «Қайда барса да, Қорқыттың көріне» кезігіп, ақыры туған жеріне - дүниенің кіндігі саналатын Сыр-Дарияға оралады. 

Ұлы өнерін өлімге, жалпы, тіршілік дағдарыстарына қарсы қойып, ізгілік пен жасампаздық нұрын шашқан Қорқыт пен жер бетін үйлесімсіздік пен араздықтың алаңына айналдыруға тырысқан пері қызы - Мартудың арасындағы мәңгілік айқас заманауи хореография тілімен әсерлі бейнеленген. Рухани тамырларымыздың алтын өзектері қандай? Замана ағымындағы шынайы өнер миссиясының сыры неде болмақ? Спектакль осындай мағыналы сұрақтарға жауап іздеп, көрерменге ой салады.