Келді, міне, Жаңа жыл!
Жаңа жыл – барша жұрт асыға күтетін, таңғажайып әрі ең көңілді отбасылық мерекелердің бірі. Жаңа жыл әр елде ұлттық салт-дәстүрге сай тойланады, десек те, алуан түрлі ойыншықтармен безендірілген әсем шырша, түн ортасында сағаттар соғып, Жаңа жыл келгенін білдіруі, жаңажылдық дастархан, сыйлықтар, ғажайыптар мен жақсылыққа сену – бәрімізге ортақ. Кішкентай бүлдіршіндеріміз үшін дайындаған жаңа жылдық ертеңгіліктер ертегі кейіпкерлерімен бірге түрлі қызықты оқиғаларды бастан кешу арқылы өрбиді. «Келді, міне, Жаңа жыл!» ертеңгілігін 20-31 желтоқсан аралығында бізбен бірге тамашалауға шақырамыз.
Рассказать друзьям
Не хватает информации? Напишите нам, мы добавим!