Loboda в Семее

Ер Төстік

Автор: Қ.Бегманов

Премьера күні, жылы: 

Режиссёр: М.Малдыбаева

Актерлар: Бимұса Р., ӨмірзақоваТ., Мұсақұлов А., Турдалиев Е.,  Бейсенов Ш.,Исмаил Ж., Күмісбек Б.,Сахно Я., Крюкова Т., Тикаев С., Лушена Л.

Жанр: ертегі

Ұзақтығы: 50 минут

Жас санаты: 6+

Қосымша: спектакль қазақ тілінде өтеді

 

Ер Төстік – қазақ батырлық ертегілерінің ең көне үлгісі. Шығарма қазақ халқының ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде келеді. Ер Төстік қиял-ғажайып жағдайда дүниеге келіп, өседі. Күндердің күнінде ол өзінің сегіз ағасы барын біліп, іздеуге аттанады. Ол өзіне серік етіп Шалқұйрық атты таңдап мінеді. Шалқұйрық оның тек жүйрік аты ғана емес, алдағыны болжай білетін, адамша сөйлеп, адамша іс-әрекет ететін қасиетті жануар болады.

Оқиға желісінде жол-жөнекей түрлі кедергілерге жолыққан Ер Төстік қандай қиыншылықтарға ұшыраса да мойымай, күдерін үзбей, ештеңеден сескенбей алға ұмтылады. Жол бойы жолыққан адал дос бола білген Желаяқ, Таусоғар, Көлтаусар сияқты кейіпкерлер үнемі оған көмектесіп, жауды жеңуіне септігі тиеді.

Ер Төстік қойылымының идеясы – адалдық бар жерде барлық қиыншылықты жеңуге, үмітті үзбей күрессе мақсатқа жетуге болатынын айтады.