Достар серті
Мекен жайы: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Көктем ш/а, 24 Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры
Автор: ҚР Мәдениет қайраткері Бақыт Қайырбеков
Қоюшы-режиссер: Еслям Нұртазин
Жанр: мюзикл
Жас санаты: +12
«Достар серті» мюзиклінің негізінде төрт жас жігіттің достық тарихы жатыр. Бұл туралы көрермен туынды кейіпкерлерінің бірі - 63 жасар Мараттан естиді. Оның монолог-естеліктері спектакльдің сюжеттік желісін құрайды және көрерменді өткен ғасырдың 70-жылдарына алып барады. Сол заманның үлгісі бірегей әрі жарқын берілген. Танымал ретро-хит әндер сюжетке үйлесімді орайластырылған. Олар атақты қазақстандық композиторлар Шәмші Қалдаяқов, Нұргиса Тілендиев, Ескендір Хасанғалиев, ВИА «Досмұқасан» репертуарларындағы халықтың сүйікті әндері. Одан басқа мюзикльде «Битлз» тобының туындылары («Girl» , «Cant BYE ME LOVE») мен тиісті музыкалық стилистикада жасалған Артур Оренбургскийдің авторлық вокалдық, аспаптық композициялары пайдаланылған. Жанры бойынша «Достар серті мөлдір махаббат пен шынайы достық туралы лирикалық комедия.
Рассказать друзьям
Рекомендуем также:

