Scorpions в Алматы

Достар серті

Достар сертіМекен жайы: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Көктем ш/а, 24 Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры

Автор: ҚР Мәдениет қайраткері Бақыт Қайырбеков

Қоюшы-режиссер: Еслям Нұртазин

Жанр: мюзикл      

Жас санаты: +12

 

 

 

 

 

«Достар серті» мюзиклінің негізінде төрт жас жігіттің достық тарихы жатыр. Бұл туралы көрермен туынды кейіпкерлерінің бірі - 63 жасар Мараттан естиді. Оның монолог-естеліктері спектакльдің сюжеттік желісін құрайды және көрерменді өткен ғасырдың 70-жылдарына алып барады. Сол заманның үлгісі бірегей әрі жарқын берілген. Танымал ретро-хит әндер сюжетке үйлесімді орайластырылған. Олар атақты қазақстандық композиторлар Шәмші Қалдаяқов, Нұргиса Тілендиев, Ескендір Хасанғалиев, ВИА «Досмұқасан» репертуарларындағы халықтың сүйікті әндері. Одан басқа мюзикльде «Битлз» тобының туындылары («Girl» , «Cant BYE ME LOVE») мен тиісті музыкалық стилистикада жасалған Артур Оренбургскийдің авторлық вокалдық, аспаптық композициялары пайдаланылған. Жанры бойынша «Достар серті мөлдір махаббат пен шынайы достық туралы лирикалық комедия.