«Айсұлу». ШҚО театрының Семей қаласындағы гастрольдік сапарлары
Актерлер:
1) Сатушы, Әбдіқадір - Жанат Бисембаев;
2) Милиционер - Хадхан Манай;
3) Хасен - Дарын Бисаринов;
4) Жансұлу - Алина Скакова;
5) Әубәкір - Абай Каирбек;
6) Нұрсұлу - Арника Байбусынова;
7) Серке - Данияр Айткужинов;
8) Айсулу - Ботагөз Жұмабекова.
Оқиға Алматы қаласында, сұлулық байқауының айналасында өрбиді. Сол байқауға қатысу - басты кейіпкер Айсұлудың арманы. Бірақ сүйген жігіті Серке бұған үзілді-кесілді қарсы. Айсұлу болса алған бетінен қайтпайды. Сол себепті екі ғашықтың арасында реніш пайда болады. Көп ұзамай Айсұлу байқаудың жеңімпазы атанады. Сәйкесінше, оған көз салушы жігіттер көбейді. Серке осы жерде өзінің қателігін түсініп, Айсұлудың шешімін лайықты бағалап, онымен қайта табысуды армандайды. Адал достары Серке мен Айсұлуды қайта қосу үшін, жан түршігерлік әдіс ойлап табады. Яғни, «Серке, махаббаттан құса болып көз жұмды» деп Айсұлуға қаралы хабар жеткізеді. Айсұлу етегі жасқа толып, Серкені жоқтайды. Өзін кінәлайды. Ботадай боздап келіп, Серкенің кеудесіне гүл шоғын қояды. Бірақ Серкенің гүлге аллергиясы бар. Шыдай алмай түшкіре бастайды. Айсұлу өзінің алданғанын түсінеді. Бірақ Серкемен қайта қосылғанына бақытты!