Международный Архитектурный Конгресс ARCHICA: Центральная Азия

Премьера! Айналайын

АйналайынАвтор: Барзу Абдуразаков

Премьера күні: 3-4 сәуір 2021 жыл

Қоюшы режиссер: Айдын Салбанов

Қоюшы суретші: Айгерім Амантай

Музыкамен көркемдеуші: Жеңіс Ноғайбаев

Жанр: драма

 

 

 

 

 

Ана... Өмірдегі ең киелі есім. Ананың алақанындағы жылылық, жүрегіндегі шексіз мейірім, көздеріндегі жанашырлық перзенті үшін қуат көзі. Дегенмен, бүгінгі қауырт тірлікте жақындарымыздан біршама алыстап, тіпті олармен кездесу, сөйлесу де сиреп бара жатқандай. Оның себебі неде? Есейіп, өз бетімізше өмір сүргенді жөн көрдік бе, әлде уақыттың тапшылығы ма? Мүмкін сағынбайтын шығармыз... Соңғы рет анаңызбен оңаша отырып сырласқаныңыз есіңізде ме? Қашан қалын біліп, жағдайын сұрадыңыз, қашан телефон шалдыңыз?

Мүмкіндік барда аяулы жандарымызға алғысымызбен қатар жылы сөздерімізді де айта жүрейік. Себебі, сәби кезімізде Анамыздың мейіріміне біз қалай мұқтаж болсақ, Анамыз да біздің бір ауыз жылы сөзімізге, жәй ғана назарымызға мұқтаж...

Рольдерді сомдаушы:

1. Анасы - Майра Ильясова,  «ҚР Мәдениет саласының үздігі»
2. Баласы - Айдос Нұрмағамбетов,Рахат Төрежанов
3. Көшілік сахнада: Нұрсұлтан Есет,Кеңес Кемалбаев,Жанар Кемалбаева,Нұрсұлтан Айтқалиев,Жанна Өтеген,Бекжан Қайроллин,Есет Оразалин