Scorpions в Алматы

«Атау-кере»

Неге біз осы..? Адам баласының өзіне де, өзгеге де күніне сан рет қоятын, жауабы жоқ сұрағы бұл! Аралар жасай алған бір-біріне мейірімді, бауырмал қоғамдық өмірдің деңгейіне жете алмай жүрген қоғамындағы адамгершілік болмыс алаңдатып, күйкі тірлік шаршатқан Таған тәрізді кейіпкер мына адамдар менің білгенімнің ең болмаса, 5 пайызын білсе ғой деп армандайды.

Сонда әлем өзгеше, біздің өміріміз де басқаша болар еді деп ойлайды. Оралхан Бөкейдің «Атау-кере» повесіндегі әр кейіпкердің қаймағы бұзылмаған таза табиғат аясындағы іс-әрекеттері арқылы оның ішкі жұмбақ әлеміне бойлап, тұлғасын тани түсесіз.

Енді бірде Таған ұдайы мазасын алған Неге біз осы? деген сауалға жауап тапқандай болады. Осылайша, адамдық түп-тамырына қайта оралған Тағанға Табиғат ана құшағын жаяды. Атау-кере қойылымы-дүниені бүлдіретін құлағы бар саңыраулардан, жанары бар соқырлардан сақтасын деген ойға жетелейді.

Сіз де, қымбатты көрермен, іздеген жетер - мұратқа дегендей, Неге біз осы деген сауалдың жауабын іздеп көріңіз.