97 человек за последний час интересовались этим событием.

Ана жүрегі

Қойылым Саадат есімді кейіпкердің Қытайдан қазақстанға бауыры аятты іздеп келуімен бастау алады. Қытайда көп балалы болуға шектеу қойылған жылдары Бихан ана бір баласын Қазақстанға беріп жібереді. Уақыт өте келе баласын қанша шарқ ұрып іздесе де таба алмайды, соңында Қытай мен СССР арасында шекара жабылып, тағдырына мойынсұнады. Алайда, қапияда көз жазып қалған бауыр еті баласымен табысуға немересінің Қазақстанға оқуға түсуі септігін тигізеді.

Бихан ананың 54 жыл бойы баласын бір көруді армандап қырық жамау болған қарт жүрегі ұлымен қауышқан сәтте байыз табады. Қойылымда қазақ елінің бауырмал халық екендігі баяндалып, жастарды туған еліе, жеріне құрметпен қарауға шақырады.