Алло, бұл кім?

Бұл қойылым өткен ғасырда жазылса да, бүгінгі қоғамның тақырыбын қозғайды. Мысалы жастардың сұр бойдақ, отырып қалған қыз деген атқа ие болуы, өмірлік жарын таба алмай, ғаламтор желісіне жүгінген әлегі. Қойылым желісі жас сұлу бойжеткен Сайра мен үш жігіттің арасында өрбиді және Сайраның телефонмен тілдесетін төртінші жігіттің арасындаға қарым – қатынасты көрсетеді. Бірі мақтаншақ серілік құрған ақын, бірі заңгер, енді бірі жасқаншақ ғылым Сайра үшін бақталас болады.