Ақан Сері - Ақтоқты
Авторы: Ғ. Мүсірепов
Трагедия
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:
Қоюшы-режиссер – Қуанышбек Адылов
Қоюшы-суретші – Әнуар Буркітбаев
Композитор – Ғалымжан Берекешов
Режиссер ассистенті – Нұржан Бексұлтанова
Режиссер көмекшісі – Батырбек Әбдіков
Ұлттық драматургиямыздың жауһары «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясы қай кез-кезең үшін де өміршең туынды.
Халық сүйіктісі, еркін де бекзат, сері Ақан! Ақанның сүйіктісі ару Ақтоқты! Олардың трагедиялы махаббаты. Бұл - зұлымдық пен ғаділеттің, жақсылық пен жамандықтың, ақ пенен қараның дүниенің өзіндей кәрі майданы. Қойылымға өзек болған идея – ақын мен биліктің, жаңа мен кертартпалықтың тартысы. Қарабайыр тұрмыс шеңберіне сыймаған Ақан көрермен алдындағы қысқа, бірақ мән мен мағынаға толы жалынды ғұмырын кешіп шықпақ. Безбүйрек, әккі қоғам ғашықтарды бір-бірінен ажыратып тынады. Бірақ олардың махаббаты – мәңгілік дастанға айналады. Бәлкім, ең басты жеңісі де осы шығар...