Ледовое Шоу Hogwart's Holidays от звезд Цирка дю Солей
Помощь без выходных:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram

Ақан Сері - Ақтоқты

Авторы: Ғ. Мүсірепов

Трагедия

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Қоюшы-режиссер – Қуанышбек Адылов

Қоюшы-суретші – Әнуар Буркітбаев

Композитор – Ғалымжан Берекешов

Режиссер ассистенті – Нұржан Бексұлтанова

Режиссер көмекшісі – Батырбек Әбдіков

 

Ұлттық драматургиямыздың жауһары «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясы қай кез-кезең үшін де өміршең туынды.

Халық сүйіктісі, еркін де бекзат, сері Ақан! Ақанның сүйіктісі ару Ақтоқты! Олардың трагедиялы махаббаты. Бұл - зұлымдық пен ғаділеттің, жақсылық пен жамандықтың, ақ пенен қараның дүниенің өзіндей кәрі майданы. Қойылымға өзек болған идея – ақын мен биліктің, жаңа мен кертартпалықтың тартысы. Қарабайыр тұрмыс шеңберіне сыймаған Ақан көрермен алдындағы қысқа, бірақ мән мен мағынаға толы жалынды ғұмырын кешіп шықпақ. Безбүйрек, әккі қоғам ғашықтарды бір-бірінен ажыратып тынады. Бірақ олардың махаббаты – мәңгілік дастанға айналады. Бәлкім, ең басты жеңісі де осы  шығар...