Поздравляем с праздником Наурыз!

"Адасқандар" - гастроли театра им. Сейфуллина

Адасқандар - гастролиДраматург К.Жұмабековтің «Адасқандар» драмасы бүгінгі күннің болмысын ашып көрсетеді. Аты айтып тұрғандай, ислам дінін тереңдеп түсінбей, басқа ағымға түсіп кеткен жастардың қилы тағдыры шығарма өзегіне айналады. Өңгенің алдауы мен арбауына, азғыруына иланған қазақтың қаршадай қыздары мен жігіттері, «байимын, машина, үй сатып аламын» деп жүріп, жауыздардың қақпанына, қанды шеңгеліне қалай түскенін білмей, тығырықтан шығатын жол іздеп аласұрады. Екі көздері жәудіреп, туған жердің топырағын, ата-ананың аялы алақанын аңсайды. Оларды алда қанды қырғын, жазықсыз жандарды қыру, жалған діни ағымның әр түрлі қатыгездігі күтіп тұрғанын кеш аңдайды. Бірақ, шегінерге жол жоқты. Олар өлтірмей кері қайтармайды. Міне, шығарманың өзегі – адаспас үшін он ойланып жүз толғану керектігін еске салады, адаспауға үндейді. Драма қалың көпшілікке арналған. Қойылымның режиссері ҚР Мәдениет қайраткері С.Жұмағали, сценографиясын жасаған Ұ.Несіпбай.

 

 

К.Жумабекова «Адасқандар». /Это драма показывает как часть современной молодежи не понимая ценностей ислама, попадает в сети других сект и направлений.Вербовщики всякими посулами и обманами заманивают и затуманивают сознание молодых людей, которые думая что они могут поправить свое материальное положение, попадают в сложную ситуацию и оказываются в кровавом капкане. Мечутся, но не находят правильный путь, ведь это дорого в один конец. Тоскуют по родной земле, по своим родным и близким. Они поздно прозревают, ведь проливается кровь невинных людей. Но пути назад нет.Ведь они в замкнутом круге. Вот суть драмы – нужно продумываать каждый свой шаг, не совершая роковых ошибок. Это произведение предназначено для широких масс.Режиссер-постановщик деятель культуры РК С.Жумагали, сценографию поставил У.Несипбай