rebranding

Әбу Насыр әл-Фараби

«Әбу Насыр әл-Фараби»

Өтетін орыны: Шымкент қ-сы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 6, Ж.Шанин атындағы театр

Автор: Ш.Құсайыновтың 

Премьера күні: 3 қараша 2020 ж

Қоюшы режиссёр: Ғазиз Арынов

Қоюшы суретші: Қалтөре  Жұмақұлов

Жанр: драма

Ұзақтығы: 

Жас санаты:

Қосымша:

 

 

 

Қадірлі көрермен! Сіздерді 10 қараша күні сағат 18.30-да Ұлы ұстаз, әлемге әйгілі ойшыл, философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған Ш.Құсайыновтың «Әбу Насыр әл–Фараби» тарихи драмасына шақырамыз!

Орта ғасырдың философия мен ғылым әлеміне жаңа сілкініс әкелген «Ұстаздардың Ұстазы» - Әбу Насыр әл-Фарабидің белгілі һәм белгісіз өмір тарихы қандай еді? Арада қаншама ғасыр өтсе де, ғұлама қалдырған іліми жол – ғылымның Жетіқарақшысындай жарқырап тұр. Ілімінің құпиясы әлі толық ашылып біткен жоқ. Жаһандану кезеңінде әлем ғалымдары Фараби құпиясын ашуға жанталасып жатыр.

Ш.Құсайыновтың «Әбунасыр әль-Фараби» тарихи драмасы - Отырар қаласынан алыстағы Шам шаһарына білім іздеп барған, әлемде Аристотельден кейінгі «Екінші Ұстаз» атанып, медицина, математика, музыка, психология, астрономия, поэзия жайлы ғылыми еңбектерімен адамзатқа құнды қазына қалдырған Әбу Насыр әл-Фараби жайлы тереңнен ой қозғап, кемеңгер ғалымның туған топырағына деген махаббаты мен сағынышынан сыр тербейді.

Қоюшы режиссері – Ғазиз Арынов
Қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов.