Сыған серенадасы

Ән-жаһанды шарпыған – ұлы махаббаттың жалыны. Ол ғаламат ғашықтықтан туындаған сергелдең сезімнің арқауы бола білді. 

Қазақ вальс королі атанған Шәмшінің  жүрек шымырлатар «Сыған серенадасы» атты туындысы – соның куәсі. Изольда Шәмшінің жүрек дүрсіліне орнаған ынтызар ырғақ пен сұлу әнге айналды. Жанды дауыста оркестрдің сүйемелдеуімен орындалатын сазды-драма көрерменді ән әлеміне алып-ұшырары анық.