Жынойнақ
Авторы: Д. Кобурн
Аудармасы: Е. Аманшаев
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:
Қоюшы-режиссер: Е.Аманшаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Режиссер: А.Кәкішева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы-суретші: Б.Жандаев
Композитор: А.Райымқұлова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Режиссердің ассистенті: А.Қабдешова
Американың белгілі драматургы Дональд Кобурнның бұл драмасы қазақ сахнасында алғаш рет қойылып отыр. Тағдыр айдауымен Қарттар үйінде тұрып жатқан Веллер Мартин мен Фонсия Дорсидің ортақ ермегі – карта ойнау. Джин ойынынан алдына жан салмаған Веллер Фонсиядан үнемі ұтылады. Тұла бойын қызғаныш оты кернейді. Қызғаныш – әзәзіл тіпті оған билігін жүргізеді, кейіпкердің жан дүниесі екіге, үшке жарылады. Драма шиыршық ата, кейіпкерлердің жан қасіреті тереңдей, жан жегісі ашыла түседі…