ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Бішкек
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
The World of cartoons с Tarsi orchestra Астана қаласында

The World of cartoons с Tarsi orchestra Астана қаласында

Сипаттама

Жаңа жыл қарсаңында Tarsi сіздерді жаңа концертімен қуантпақ!

«The World of cartoons - мультфильмдер әлемі» -

Музыка мен ертегінің ғажайып әлемі!

Сіздерді сүйікті мультфильмдер мен анимациялық жауһарлар әлеміне баурайтын Tarsi симфониялық оркестрінің бірегей концертіне қуана шақырамыз! Осынау ұмытылмас кеште Сіздер диснейлік және кеңестік мультфильмдердің танымал әуендерін, сондай-ақ симфониялық оркестрдің керемет дыбыстарымен сиқырлы түрде жанданатын бәрімізге таныс анимелердің әуендерін тамашалай аласыздар.

Сіздерді және балаларыңызды келесі қызықтар күтуде:

• Бас дирижер Ерлан Бейсембаевтың жетекшілігімен үлкен симфониялық оркестр;

• ол әрбір орындауын ерекше көңіл-күй мен эмоцияларға толыстыратын дарынды вокалист Анель Исина;

• театр және кино актерлерінің орындауындағы әсерлі интерактивтер, отты және цирктік шоу;

• тәтті мақта және аквагрим;

Сондай-ақ, Сіздер музыканың сан алуан хикаяларды сыр шертіп, ал әрбір дыбыс жарқын естеліктер мен армандарды тудыратын әлемге терең бойлайтын боласыздар!

Керемет тосын сый мен жарқын сәттерге дайындалыңыздар! Кешіңізді жарқын ететін және ұмытылмас әсер қалдыратын сиқырлық пен ностальгия атмосферасын терең сезініңіздер.

Жаңа жыл қарсаңында барлық жастағы тыңдармандардың жүректерін бір үндестікте біріктіретін бүкіл отбасыға арналған сиқырлы концерттен қапы қалмаңыздар! Сіздерді музыкалық мерекемізде асыға күтеміз!

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қаласы, Республика даңғылы, 34,«Жастар» сарайы

  • Күні

    19 желтоқсан, 2024 ж

  • Басталуы

    19:00

  • Автотұрақ

    Бар

  • Ұзақтығы

    1 сағат 20 минут

  • Жас шектеуі

    5+

  • Қосымша

    5 жастан бастап балалар Билеттерді сатып алуы керек

  • Жанр

    концерт

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 19
    Желтоқсан
    Бейс
    Дворец «Жастар»
    Зал
    бастап 6000
    бастап 6000