Scorpions в Алматы

Сыр өңірінің ән-күй, жыр мұрасы

«Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының ұйымдастыруымен өтетін «Сыр өңірінің ән-күй, жыр мұрасы» атты музыкалық кешіне шақырады.

Музыкалық кеш қазақ халқының жеті негізгі музыка мектебінің бірі - Сыр музыка мектебіне арналған. Өңірдің дәстүрлі өнерін барынша қамтуға бағытталған рухани кештің мақсаты Сыр өңірінің дәстүрлі әншілік және күйшілік, жыршы-жыраулық өнерінің дамуына атсалысу, бабалар мұрасын насихаттау, өскелең ұрпаққа жеткізу болып табылады.

Концертке қатысушылар: Елмұра Жаңаберген, Айгүл Елшібаева, Еділ Басықара, Раушан Оразбаева, Перизат Тұрарова, Әлихан Дүйсенбай, Күнсұлу Түрікпен, Нұркен Якияев, Ардақ Елеусіз, Аяулым Қамажан, Дарын Құдайберген.

Кеш қонақтары: Алмас Алматов, Ұлжан Байбосынова, Бақытжан Дүйсенғазиев, Салтанат Ерсұлтан, Бекзатхан Әбдімажитов, Ұлдана Нұртуған, Нұрайым Ерталап.

Рухани кемелденіп, ерекше әсер сыйлайтын әдемі кештен қапы қалмаңыздар! Біз сіздерді күтеміз, құрметті көрермендер!