Scorpions в Алматы

Жетім. Гастроли театра Дарига-ай в Алматы

Жетім. Гастроли театра Дарига-ай в АлматыАвторы: Мұхтар Әуезов

Премьера күні: наурыз 2022 жыл

Режиссері: Жұлдызбек Жұманбай

Суретші: Аманбек Искаков

Жанр: әңгіме

Ұзақтығы: 60 минут

Жас санаты:

Қосымша:

 

 

 

М.Әуезовтің «Жетім»  әңгімесінде ата-анасынан, әжесінен ерте айрылып жетімдіктің қасіретін тартқан,  дүниеқоңыз, безбүйрек ағайынсымақ Иса мен оның ұрысқақ долы қатыны Қадишаның өгейлік тепкісіне төзе алмай, қараңғы түн ішінде ата-анасының зиратын іздеп келе жатып үрейі ұшып өлген он жасар кішкене Қасымның өмірі баяндалады.

Әңгімедегі бала Қасым мен бүгінгі таңдағы жетім балалардың тағдырының айырмашылығы қандай? Әңгімедегі Иса мен Қадиша және қазіргі қоғамдағы жетімдер үйінің тәрбиесі қандай? Осы сұрақтарға жауап іздейтін, көрерменге үлкен ой салатын, тәрбиелік маңызы зор қойылым.

«Жетім» әңгімесі Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына және Балалар жылына арнайы сахналанып отыр.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялаған болатын.