rebranding
97 человек за последний час интересовались этим событием.

Бір қазаққа – бір қатын

Көп ақша табу әрине жақсы. Алайда, халық сенген қалталы азаматтың «мұрнын тескен түйедей» әйелінің жетегінде жүруі күлдіретін емес, жылататын жайт.

Комедиялық қойылымда бір аулада тұратын көршілердің бастан кешкен қызықты оқиғалары, ерлі-зайыптылардың бір-біріне сенбеуі, бірін-бірі қызғануы секілді сезімдері суреттеледі.

Олардың бірі бала орнына Рекс деген итін құшақтаса, екіншісі үй толған алтынын аймалап отыр.

Қамшының сабындай қысқа өмірдің мәні ақша емес, ұрпақ екендігін көршілерге жаңадан қосылған Азат пен Гүлжан өздерінің іс-әрекеттері арқылы ұғындыра отырып, қызмет деп жүріп бала сүю бақытынан кеш қалған екі отбасының «жетімдер үйінен» бала асырап алуына ұйытқы болады.