Алтыбақан
Ұлтымыздың мақтаныш етер асыл мұрасы, рухани жәдігерлері ішінде ұмыт болып бара жатқан қазақтың тұрмыс-салтқа бағытталған «Алтыбақан» ұлттық ойыны – қазақ жастарының ертеден келе жатқан кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, айтыс жасап, би билеп, түрлі ойындар ойнап, көңіл көтеріп, ойын-сауық құратын кеші. Осы ұлттық ойынның төңірегінде әуелеткен дәстүрлі ән мен күмбірлген күй, билеріміз бір бірімен астасып, ойын-сауық ән кеші ұсынылады. Ескіні еске түсіріп, падиша дәстүрлі ән өнерімізді, ұлттық ойынымызды халық санасында жаңғыртып, ұлы дала рухын жеткізеді.
Кеште қазақтың дәстүрлі ән өнеріндегі орындаушылық, әуендік, құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты шартты түрде бөлінетін бес мектеп бойынша (Арқа, Жетісу, Батыс, Сыр, Алтай-Тарғыбатай) попури айтылады. Көкбай Жанатайұлының сөзіне жазылған Алаш Ордашылардың гимні де шырқалады.
Кеште театр жігіттері «Сақ-сақ», «Қызыл асық», «Қарақат көз, Қалқаш-ау», «Қарайкөзім», «Он алты қыз» әндерін нақышына келтіре орындап,көрерменге шаттық көңіл күй сыйлайды.