rebranding

Гамлет. Гастроли в Актобе

Өтетін орны: Ақтөбе қ., т. Ахтанов к-сі, 52, Т. Ахтанов атындағы драма театры, Ақтөбе қ.

Театр: Н. Жантөрин атындағы музыкалық драма театры

Күні мен уақыты: 8 сәуір 2023, 18:30-те

Автор: У. Шекспир

Режиссёр: Гүлсина Мерғалиева

Актерлер / Суретші: 

Жанр: трагедия

Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Жас шектеуі: 10+ Ескерту 10 жасқа толмаған баламен кіруге болмайды!

Қосымша: Ескерту 10 жасқа толмаған баламен кіруге болмайды!

«Гамлет» трагедиясы - Шекспирдің трагедиясы, Шекспирдің барлық трагедияларының ішіндегі ең күрделісі. Дүние жүзі әдебиетінде ешбір шығарма мұндай әр алуан пікір туғызған емес.

АҚШ әртісі Эдван Бут Гамлет рөлінде, ca. 1870. Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы 1601 – 1602 ж жазылған. Оның сюжетін драматург ХІІ ғ. Саксон Грамматиктің көне хроникасынан алған – бұл Амлет деген дат бекзадасының тарихы. Шекспир бұл сюжетті жаңашылдықпен түсініп, образдарына терең әлеуметтік және философиялық мән беріп, мүлдем ерекше шығарма жазды.

Трагедияның әрекеті ортағасырлық Дания өтсе де, автор мұнда өзінің замандастарының типтік образдарын жасады, «шіріген дат мемлекетін» бейнелей отырып, ол өзінің кезіндегі Англияны көрсетті.