rebranding

«Ұ-Night show» ойын-сауық-әзіл-сықақ шоуы Өскеменде

Стэнд-ап, скетчтер, миниатюралар, музыкалық әзіл-сықақ және пародия! Осы қызықтардың барлығын «Ұ-Night Show» концертінде тамашалайтын боласыздар! Басты кейіпкерлер - өзіндік қайталанбас тіл орамына, менталитеті және өмірлік жағдайларға деген өздерінің бірегей көзқарасына ие әр алуан өңірлердің өкілдері. Көбіне мұндай ерекшеліктер мен айырмашылықтар көптеген түсініспеушіліктерге, тілдік келеңсіздіктерге, оғаш оқиғаларға және де, әрине, сан алуан әзілдерге негіз болатыны сөзсіз.