Жырлайды жүрек
Өтетін орны: ОҚЗ "Қазақстан"
Өтетін күні: 11 желтоқсан
Басталуы: 19:00
Жас санаты: 7+
2018 жылғы 11 желтоқсан күні сағат 19.00-де ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК...» /поэтикалық-музыкалық қойылымы/ «Astana Musical» мемлекеттік театры артистерінің қатысуымен өтеді. Көркемдік жетекші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы Асхат Маемиров. Қоюшы режиссер Аман Гумаров.
Мұқағали Мақатаев – қара өлеңнің көшін қара нардай алға сүйреген ашық бояулы, анық үнді ақын. Ақынның өлеңдері өз деміндей, өз тынысындай шынайы. Туған жер, өскен өлке, ана тілі, тарихымыз, салт-дәстүріміз – Мұқағали жырларының негізгі өзегі. Мұқағалиды оқырмандарымен қайта қауыштыру– поэзия пашталығына саяхат, өлең өлкесінде еркін серуендеу. Ақын өлеңдеріне құрылған диалог негізінде, оның өмірін сахналайтын қойылымда ақынның өлеңдеріне жазылған әндер де шырқалады.