rebranding
тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07

Жырлайды жүрек

Өтетін орны: ОҚЗ "Қазақстан"

Өтетін күні: 11 желтоқсан

Басталуы: 19:00

Жас санаты: 7+

Жырлайды жүрек2018 жылғы 11 желтоқсан  күні сағат 19.00-де ақиық ақын   Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған   «ЖЫРЛАЙДЫ      ЖҮРЕК...»  /поэтикалық-музыкалық  қойылымы/  «Astana Musical»  мемлекеттік театры артистерінің қатысуымен өтеді.  Көркемдік жетекші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы Асхат Маемиров.  Қоюшы режиссер Аман Гумаров.

 Мұқағали  Мақатаев – қара өлеңнің көшін қара нардай алға сүйреген ашық бояулы, анық үнді  ақын. Ақынның өлеңдері өз деміндей, өз тынысындай шынайы. Туған жер, өскен өлке, ана тілі, тарихымыз, салт-дәстүріміз – Мұқағали жырларының негізгі өзегі. Мұқағалиды оқырмандарымен қайта қауыштыру– поэзия пашталығына саяхат, өлең өлкесінде еркін серуендеу. Ақын өлеңдеріне  құрылған диалог негізінде,  оның өмірін сахналайтын қойылымда ақынның өлеңдеріне жазылған  әндер де шырқалады.