ticketon logoticketon logoticketon logoticketon logoticketon logo
Тазалау
Бас тарту
Іздеу
Тараз
ticketon cabinet
Кіру
ТілҚаз
контакты
«Бақшасарай бұрқағы»

«Бақшасарай бұрқағы»

Сипаттама

Борис Асафьев

«Бақшасарай бұрқағы»

Прологы мен Эпилогы бар екі бөлімді балет

Ұзақтығы 2 сағат (бір үзіліспен)

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Ростислав Захаровтың хореографиясы

А. Пушкиннің аттас поэмасы бойынша либреттосын жазған Николай Волков

Балеттің әдеби түпнұсқасы Бақшасарай бұрқағы немесе Көз жасы бұрқағы туралы ежелгі аңызға негізделген, А.С. Пушкиннің аттас поэмасы болды.

Қайырымсыз Қырым қолбасшысы Гирей хан Польшада сойқан салуда. Кезекті бір шабуыл кезінде оның әскері басып алған поляк қамалында, князь қызы Марияның туған күні тойланып жатады. Басқындар бәрін қырып, тек хан ессіз ғашық болып қалған Марияны ғана тірі қалдырады.

Бақшасарай гареміне әкелінген сұлу күң Мария Гирейдің сүйікті әйелі, жас поляк қызы үшін өз дәрежесінен айырылған Заремаға тап болады. Сол кеште хан Мариядан өз жүрегін ашуды жалбарынады, бірақ ол салқындық танытады. Гирей хан бұған көніп, шығып кеткен кезде ұйықтайтын бөлмеге Зарема кіреді. Ол хан ұсынысын қабылдамауды талап етеді, ал Мария оған Гирейді ешқашан жақсы көрмейтінін айтады. Бірақ Марияның бөлмесінде қалып қалған ханның тақиясын көрген Зарема қызғаныш сезіміне беріліп, күңді өлтіреді. Гирей хан қатты қайғыруда.

Б. Асафьев балетінің тұңғыш қойылымы 1934 жылы С.М. Киров атындағы Ленинград опера және балет театрында өтті. Жас хореограф Р. Захаровтың жаңашылдығы батыс пен шығыс би негіздерін өзара біріктіру және қарсы қоюда болды, бұл екі әлемнің айырмашылығын көрсетті. Алғашқысының нәзік лирикалылығы, жауынгерлік сезімге толы екіншісіне қарама-қарсы тұрды.

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР:

Зарема Әйгерім БЕКЕТАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Анастасия ЗАКЛИНСКАЯ

Гирей хан Сұңғат ҚЫДЫРБАЙ / Айдан ҚАЛЖАН

Мария Аделина ТУЛЕПОВА / Шұғыла ӘДЕПХАН

Вацлав Еркін РАХМАТУЛЛАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Рустам ЧАХАЛОВ

Нұралы Серік НАҚЫСПЕКОВ / Ислам ҚАЙЫПБАЙ

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ, ОРКЕСТРІ ЖӘНЕ МИМАНСЫ

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Қоюшы балетмейстер Алтынай Асылмұратова, Ресейдің Халық әртісі

Дирижер Арман Оразғалиев

Қоюшы суретші Эцио Фриджерио

Костюмдер бойынша суретші Франка Скуарчапино

Қоюшы балетмейстердің ассистенттері Константин Заклинский, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі / Елена Шерстнева

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті Софья Тасмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жарық бойынша суретші Виничио Кели

Проекциялар бойынша суретші Серджио Металли

Спектакльді жүргізуші режиссер көмекшілері Алтынғаным Ахметова, Айнұр Халелова

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.

Толық оқыңыз
  • Өтетін орны

    Астана қ., Astana Opera (Үлкен зал)

  • Күні

    2-3 қазан , 2024

  • Уақыты

    19:00

  • Ұзақтығы

    2 сағат (бір үзіліспен)

  • Жас шектеуі

    10+

  • Қосымша

    Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

Бөлісу:

Кесте
  • Күні
    Өту орыны
    Аймақ
    Ересектерге
    Балаларға
  • 2
    Қазан
    Сәрс
    Astana Opera
    Большой зал-6 (БХ)
    бастап 1000
    бастап 1000
  • 3
    Қазан
    Бейс
    Astana Opera
    Большой зал-6 (БХ)
    бастап 1000
    бастап 1000