Афиша кино в Таразе

Көмек

​Билетті қалай сатып алуға болады?

https://ticketon.kz/files/media/buy-infokz.jpg

Өте оңай:

— Біздің сайтқа немесе Kino.kz, Jam.kz, Chaplin.kz, Illusion.kz, Cdm.kz серіктес сайттарға кіріңіз;

— Өзіңізге ұнаған іс-шараны таңдаңыз;

— «Билет сатып алу» түймешігін басыңыз;

— Сеансты, орындарды таңдап, өзіңізге ыңғайлы әдіспен төлем жасаңыз;

— Егер сіз киноға билет алсаңыз, ұялы телефоныңызға SMS-код жіберіледі, немесе QR кодын көрсетіңіз.

— Егер сіз билетті театрға, циркке, концертке алсаңыз, онда E-mail хабарламадағы электронды билетті басып шығару керек;

— Көрсетілімнен рахаттаныңыз!

Қалай төлеуге болады?

Дәл қазір мына төлем түрлері қолжетімді:

  • Халықаралық Visa, MasterCard, Maestro, American Express төлем карталары;
  • Оңай картасы;
  • QIWI-кошелек;
  • Кaspi.kz интернет-банкингі;
  • QIWI, Cyberplat, Касса24 төлем терминалдары.

Балалар және студенттік онлайн билеттер бар ма?

Иә, ғаламтор арқылы билет сатып алғанда балалар және студенттік билеттерді таңдауға болады. Электрондық билетті қағаз билетке айырбастарда өзіңізбен бірге қажетті құжаттар міндетті түрде болуы керек (мектеп анықтамасы немесе студенттік билет).

Ескерту

Егер тапсырысты рәсімдеу кезінде, балалар немесе студенттік билеттер құны көрсетілмеген жағдайда, жеке билет толық құны бойынша сатып алынады.

Билетті айырбастауға кинотеатр кассасына бару міндетті ме?

Киноға билет сатып алғанда, міндетті түрде касса немесе терминал арқылы билетті басып алыңыз. Сондай-ақ  Cinemax Dostyk Multiplex, Chaplin Mega Park және Chaplin ADK кинотеатрларында арнайы Тикетон билет беру терминалдары орнатылған. Билет алуға терминалды пайдалануыңызға болады. Толық нұсқаулар.

Электронды билет сатып алсаңыз сіз таңдаған орындарға өзіңіз ие боласыз. Сеансқа кешігіп келсеңіз де.

Жақын арада кассаға бармай-ақ бірден кинозалға өтуіңізге болатын мүмкіндік пайда болады. Кинозал алдында штрих-код сканерлері орнатылады.

Егер сеанс болмай қалса немесе уақытын өзгертсе не істеуге болады?

Сеанстың болмай қалуы немесе уақытын өзгертуі өте сирек жағдай орын алса «Тикетон» қызметі автоматты түрде сеанстың болмауы немесе уақытын өзгертуін анықтайды және біздің қызметкерлер міндетті түрде көрермендерге телефон арқылы хабарласады. Сатылым ақшасы толықтай иесіне қайтарылады.

Билетті қайта өткізуге бола ма?

Иә, электронды билеттерді басып шығарылмаған жағдайда қайтаруға болады.

Кинотеатр билетін сеансқа 30 минут қалғанда өткізуге болады. Бұл жағдайда қызметтік комиссия қайтарылмайды.

Театр билеттерін спектакль басталардан 2 сағат бұрын өткізуге болады. Бұл жағдайда қайтарылған билеттер бағасының 5%-дық комиссиясы ұсталынады.

Концерттерге немесе басқа іс-шараларға билеттерді басталуға дейін 72 сағаттан кем емес уақыттың ішінде қайтаруға болады. Қайтарылған билет құнының 5% комиссиясы ұсталынады.

Банк картасымен төлем жасаған жағдайда қайтару төлемдері банк картасына аударылады.

Егер QIWI-терминалдары арқылы төлеген болсаңыз, сатып алушы ақшасын қайтару орнына келесі сатып алымдарға жеңілдік қарастырылған немесе сатып алушы банк шотының нөмерін берсе қайтарым сатып алушы картасына аударылады.

Банк картасымен төлемдер неге іске аспайды?

  1. Егер төлем кезінде «Not permitted to client by Issuing bank. Call your bank» қатесі жіберілсе, онда Сізге ғаламтор арқылы төлем жасауға болатын опцияны қосуыңыз қажет, сондай-ақ картада көрсетілмесе CVV2/CVC2 кодтарын алу қажет. Ол үшін сізге карточкаңызды пайдаланатын банкке хабарласуыңыз керек.
  2. Егер «Code: 19, Message: Ошибка авторизации» қатесі көрсетілсе, онда сізде ғаламтор-төлемдер жасауға арналған 3D-Secure паролі орнатылмаған болуы мүмкін. Банкке хабарласу арқылы, парольды қалай орнатуға болатынын білуге болады.

Ticketon.kz сайтында бөліп төлеу арқылы билеттерге қалай қол жеткізуге болады?

 

1. Ticketon.kz сайтына кіріп, өзіңізді қызықтыратын іс-шараны таңдау керек. Егер сіздің тапсырысыңыздың бағасы 5 000 теңгеден асатын болса, онда Сізге бөліп төлеу тәсілі қолжетімді болады.
2. Сатып алу барысында «Бөліп төлеу» батырмасын таңдаңыз.
3. Тиісті жолға өзіңіздің ЖСН (жеке сәйкестендіру нөміріңізді) енгізіңіз. 

4.Одан кейін телефон нөміріңізді растау қажет болады. Ол үшін тиісті жолдарда өзіңіздің электрондық поштаңыз бен телефон нөміріңізді енгізу керек.
5. «Телефон нөмірін растау» батырмасын басыңыз. Сізге растауды жүзеге асыру үшін қажетті код көрсетілген SMS келеді.

6. Тапсырысты растағаннан кейін «Келесі» түймешігін басып, төлем өрісін жаппай тұрып, банк тарапынан тексеріс нәтижесін күтіңіз.
7. Бөліп төлеу мақұлданған кезде Сізге Freedom Credit жеке кабинетіне сілтеме мен арнайы құпия сөз көрсетілген SMS жіберіледі.
8. Freedom Credit жеке кабинетінде биометрия және SMS-код арқылы тексерістен өту керек болады. 

9. Өтініш, келісім шартты егжей-тегжейлі оқып, жария офертамен танысыңыз.

10. SMS-хатты тексеру жолымен келісім шартқа қол қойыңыз.
11. Шартқа қол қойылғаннан кейін Сізге тапсырыс туралы толық ақпарат, сондай-ақ Сіз көрсеткен электрондық мекен-жайға және телефон нөміріне билеттер SMS түрінде жіберіледі.

Freedom Ticketon жүйесін таңдағаныңыз үшін рахмет!

Тағы сұрақтарыңыз бар ма?

Көмек көрсету     [email protected]

Қалалық нөмір:   +7 (727) 225-10-50 

Ұялы байланыс:  +7 (777) 936-53-53