YUKI MURATA & GULMIRA ISSIMBAYEVA
Сипаттама
Жеке концерт
YUKI MURATA & GULMIRA ISSIMBAYEVA
Продолжительность 1 час 20 минут
Просим обратить внимание, что возрастное ограничение составляет 8+
Дирекция оставляет за собой право замены исполнителей и исполняемых произведений
Yuki Murata жапондық композитор және пианист, 2006 жылы Бостонда Important Records лейблымен өзінің алғашқы альбомын шығарып, Токиодағы Anoice кинематографиялық аспаптық музыка тобының мүшесі ретінде танылды.
Топтың дарынды өнері Ryuichi Sakamoto, Nobuo Uematsu мен Christian Fennesz сияқты әлемге әйгілі музыканттардың жоғары бағасына ие болады. 2012 жылы Anoice өздерінің жеке Ricco Label музыкалық лейблы, АҚШ-тағы Important Records және Ресейдегі Flowers Blossom In The Space лейблы аясында жоғары бағаланған үшінші альбомы «The Black Rain» шығарды. Көптеген музыка шолушылар бұл альбомды жылдың ең үздік альбомдары қатарына қосты.
2015 жылы Anoice өзінің төртінші альбомы - «into the shadows» шығарды, ол тек Токиода ғана емес, Лондон, Париж, Варшава мен Мәскеуде де жарық көреді. Альбомның бір композициясы «old lighthouse» жапон әртістері арасында Spotify-да ең танымал трекке айналды, ал «invasion» композициясы Amazon Prime Video-да ең қаралған трекке айналып, «Girl Lost» фильмінің соңғы титрларында қолданылды. Екі жылдан кейін Anoice Швециядағы 1631 Recordings лейблімен эмбиентті туындыларды қосқан selected works жинағын шығарды және оны Universal Music арқылы тарата бастады. Anoice және топ мүшелері Takahiro Kido мен Yuki Murata жыл сайын Еуропа мен Азияда турлар өткізді.
2019 жылы мамыр айында Anoice қатарынан үш сингл шығарды, ал тамыз айында Аnoice өздерінің үшінші альбомы - The Black Rain ізін басқан және әлемді таныстыруға бағытталған, әдемі әуендер мен керемет оркестрлік дыбыстардан тұратын «Ghost in the Clocks» бесінші альбомын шығарды. Бұл альбом және ондағы әрбір композиция бірінші орынға ие болды және 20-дан астам елдегі Apple Music және iTunes дүкенінде ең көп тыңдалған/жүктелген 10 аспаптық музыкалық шығарманың қатарына енді.
Сонымен қатар, Anoice пен топ мүшелері Armani, Louis Vuitton, Google, YAMAHA, TOYOTA, Mazda Motor Corporation, Johnnie Walker, Ballantine's, JAXA, Heinz, Ferring Pharmaceuticals және т.б. брендтердің көптеген коммерциялық жарнамаларына музыка жазды. Олар сондай-ақ, режиссер Naotaro Endo-ның «Tsukiji Wonderland», режиссер Can Evgin-нің «Olivier Zahm: Digital Provocateur», режиссер Robin Bain-нің «Girl Lost: A Hollywood Story» фильмдеріне, сондай-ақ NHK, WOWOW мен TV TOKYO телебағдарламаларына саундтрек жазды. Бұл фильмдердің бірқатары Венеция кинофестивалінде, Prix Italia, Жапонияның ұлттық өнер фестивалінде, Cool Japan Matching Award, Japan Movie Critics Award пен Japan World's Tourism Film Festival-да марапатталды. Сонымен қатар, Anoice композиторлары Takahiro Kido мен Yuki Murata Саппородағы Халықаралық қысқаметражды фильмдер фестивалінде ең жақсы түпнұсқа саундтрек номинациясында сыйлық алды. Aл Yuki Murata Жапония фортепиано қоғамының байқауы (PTNA) және халықаралық фортепиано дуэті байқауы сияқты әртүрлі фортепиано байқауларында жоғары марапаттарға ие болды.
Anoice сонымен қатар Ұлы Шығыс жапон жер сілкінісі мен Сэнди дауылынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына қатысты және әртүрлі қайырымдылық альбомдары арқылы көмекке үлес қосты.
Гүлмира Исимбаева - жас қазақстандық композитор. Музыканы неоклассикалық және минималистік стильде жазады. Көкшетау қаласындағы Балалар музыка мектебінде фортепиано сыныбы бойынша музыкалық білім алған. Оқудың соңғы жылдарында ол авторлық туындыларды жасауға үлкен қызығушылық танытып, осы бағыттағы өнерін әлі де жалғастырып келеді. Гүлмира Исимбаева 2 альбом шығарды: «Relief» (2018) және «Dem» (2022). Ол Takahiro Kido және Yuki Murata (Жапония), Andrea Vanzo (Италия) және Алим Заиров (Қазақстан) сынды танымал композиторлармен бір сахнада өнер көрсетті. Гүлмира Қазақстанда өткен алғашқы неоклассикалық музыка фестивалі «NEOCLASSICA FEST ASTANA» қатысушысы.
БАҒДАРЛАМА:
Yuki Murata:
1.Clammbon 2.Shall we dance 3.Red owl 4.It 5.Melody 6.Bird sings a lullaby 7.Higurashinaku 8.Liange 9.Greenfield 10.Return 11.Let’s go to Neverland 12.Monochrome 13.Intermezzi for Piano Op.118-2 Andante teneramente 14.Roads 15.Flying tricycle
Гульмира Исимбаева:
1.Detachment from old 2.Secrets 3.Hold me tenderly 4.One timeless fell 5.Relief 6.Dem
Өтетін орны
Астана қ., Astana Opera (Күләш Байсейітова атындағы Камералық зал)
Күні
30 қараша 2024
Уақыты
18: 00
- КүніӨту орыныАймақЕресектергеБалаларға
- 30ҚарашаСенбAstana OperaКамерный залбастап 16000бастап 16000